Сарапшы: Үйді Үкімет салып бергені дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Үйді Үкімет салып бергені дұрыс

07.05.2024

Үйді салып беру немесе таңдаған тұрғын үйді сатып алып беру. Мемлекет ұсынып отырған осы екі тетік – ең ұтымды шешім,-дейді сарапшылар. Себебі бәрі бірдей құрылыс жүргізіп, үй сала алмауы мүмкін. Оның үстіне қазір құрылыс материалдарының бағасы да құбылып тұр. Бұл да ескеруді қажет ететін маңызды мәселе,-дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Меруерт Махмұтова, экономист:
Қазір күннен-күнге бәрі де қымбаттап бара жатыр. Сондықтан азаматтар үйді осынша қаржыға саламын деп, ертеңінде ол қаржыға ол үйді сала алмауы мүмкін. Сондықтан сол жағынан салып берген даяр үй оларға дұрыс болар еді.

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Азаматтарға билік баспана салып беріп жатыр. Мысалға Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тағы 400-ін салуға жер телімдері дайындалуда. Өңірде 400-ге жуық баспананы су басып қалды. Оның қаншасы тұруға жарамсыз екенін бағалау жұмыстары көрсетеді. Ал тасқыннан баспанасын су басқан тұрғындардың бірі - Зейнеп Тәнібаева да Үкімет тарапынан ұсынылған көмекті таңдап отыр.

 Зейнеп Тәнібаева, Прибрежное ауылының тұрғыны:
Мемлекет тарапынан салынғаны дұрыс.Әр үй иесінің үй салуға шамасы келмейді. Қазір құрылыс материалдарының бағасы да шарықтап жатыр. Үкіметтің салып бергені дұрыс деп ойлаймын.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу