Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады

04.05.2024

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады. АН-2 әуе көлігімен Арқалық қаласынан облыс орталығына науқас адам жеткізілуі тиіс болған. Алайда, ұшақ көкке көтеріле бере, бірден төмен құлдилап, далаға жайылған суға қонған. Ішінде екі ұшқыш және үш жолаушы болған. Төтенше жағдай қызметі, олардың бәрін қайықпен алып шығып, Арқалық қаласының ауруханасына жеткізді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Апаттың себебі анықталып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу