Спортшылар тағы 30-дан астам Олимпиада жолдамасын жеңіп алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшылар тағы 30-дан астам Олимпиада жолдамасын жеңіп алуы мүмкін

03.05.2024

Спортшыларымыз Париж Олимпиадасына дейін тағы 30-дан астам лицензия жеңіп алуы мүмкін. Бұл туралы штаб отырысында айтылды. Оған мәжіліс депутаттары да қатысты. Жиында Ұлттық құрама командаларының Олимпиада және Паралимпиадаға дайындығы талқыланды. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне 85 күн қалды.

Қазір қоржында спорттың 17 түрінен 50 жолдама бар. Алда тағы бірқұатар жарыс болады. Министрлік өкілдері, Парижде бірнеше медаль аламыз деп отыр. Ал, шетелдік сарапшылар қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте 26-орынға ие болады деген болжамын жариялады.

Ербол Мырзабосынов, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

Нақты болжамды әлемдік рейтингтік ұйымдар беріп жатқаннан кейін бекерден-бекер бере бермейді. Біздің нәтижемізге, соңғы жарыстарымызға қарап береді. Біздің болжам, әрине, олимпиадада алтын медальға барынша жұмыс жасау. Министрлік тарапынан нақты-нақты болжам бере алмаймыз қазір. 


Хабарламаларға жазылу