ШҚО-да 645 мың гектар жерге тұқым себіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 645 мың гектар жерге тұқым себіледі

03.05.2024

Шығыстағы дихандар көктемгі егісті биыл 10 күн ерте бастады. Ылғал да мол. Бүгінге дейін оңтүстік аудандарда дала жұмыстарының 60 пайыздан астамы атқарылды. Осы жылы облыста егістік көлемі де айтарлықтай артты. Шаруалар биыл майлы дақылдар мен малға азық болатын тұқым түрлерін көптеп сеуіп жатыр.

Былтырғы күздегі жауын мен қыстағы қардың қалыңдығы шаруаларды қуантып отыр. Осы лағалдың нәтижесін көру үшін дихандар дала төсіне соқаны ерте салды. Бұл шаруашылық 3 мың гектар жерге егіс егеді.Негізінен күнбағыс, бидай, арпа мен сұлы өсіреді.Қазір дихандар күні-түні техникадан түспей, жұмыс істеп жүр.

  Рустам Жанбосынов, шаруа қожалығының жетекшісі:

Күн райы жылынған бойда егіс алқабына шықтық. Бір аптаның ішінде ылғал жауып үлгердік. Әзірше жер қызған жоқ. Бірақ бізге ылғалды ұстап қалу өте маңызды. Өйткені биыл да құрғақшылық болуы мүмкін. Ал еліміздегі астықты облыстар Қызылжар мен Қостанайдағы егістіктердің көбін су басты. Сондықтан басқа өңірлер бір гектар жер қалдырмай игеруіміз керек.

Игерілген жерге себілетін тұқымның сапасы да талапқа сай болуы шарт. Сондықтан шаруалар өсіретін өнімінің түрі мен сұрпын арнайы зертханаға тексертеді.

Мысалы бидайдың ылғалдылығын анықтау үшін 130 градусқа дейін қыздырып аламыз да, кептіргенге дейін және кейінгі салмағын алған кезде мына тұқымның ылғалдығы шығады.

Бұл зертханаға облыстағы 148 шаруашылық тұқымдық өткізген. Мамандар әр тұқымның сұрпы пен түріне терең талдау жасайды.

Шынар Ауғанбаева, тұқым сараптаушы:

Мынау сол күнбағыстың 5 күн бұрын салынған тұқымы. Бес күннен кейін мынау құсап өсіп шығады, өсетіндері. Өскендерін бөлек санап аламыз да.Өспегендерін бөлек санап аламыз. Оны мынадай арнайы корточка толтырамыз да, соған жазамыз. Осы бойынша егістік алқабының өсімділгін анықтаймыз.

Биыл облыстағы жалпы егістіктің көлемі 645 мың гектар. Бұл былтырғыдан 7 мың гектарға көп. Көктемгі дала жұмысына литрі 250 теңгеден 14 мың тонна жанармай бөлінді. 71 мың тонна тұқым сатып алу үшін облыс бюджетінен 1 миллиард 100 миллион теңге қарастырылды. Пестицитдер алуға 1,3 миллиард теңге берілді.

Дархан Әбілмәжінов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Биылдан бастап отандық минералды тыңайтқыштар өндірушілеріне авнастық есеп ретінде 60 пайызға дейін субсидиялайтын боламыз.

Шығыста көктемгі дала жұмысы маусым айының ортасына дейін жалғасады. Биыл майлы және дәнді дақылдарды егу сәл ерте басталды.Жер қызған бойда тұрғындар көкөніс пен бау-бақша өнімдерін де сала бастайды. Ал көктемінің әр күні жылға азық.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу