АҚШ-та нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты

03.05.2024

АҚШ-тың Хьюстон аймағында нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. Жергілікті билік өзен бойында тұратын тұрғындарға жедел қауіпсіз жерге кетуді бұйырды. Әсіресе, Сан-Жакинто өзені сәт санап тасып, арнасынан асып барады. Су қоймасы да толған. Шенеуніктер Хьюстон қаласы орналасқан Солтүстік Харрис округіндегі адамдарды эвакуациялауды бастады. Тұрғындарға өзен бойынан мейлінше алшақ кету ескертіліп жатыр. Себебі, алдағы екі-үш күн бойы өзен суының деңгейі еселеп көтерілуі мүмкін. Жергілікті әкімшілік қазірдің өзінде үш уақытша орналастыру орталығын ашқан. Тағы төртіншісін іске қосуды жоспарлап отыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу