Астанада көлікті заңсыз тіркеуден өткізгендер сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көлікті заңсыз тіркеуден өткізгендер сотталды

03.05.2024

Енді нотариус арқылы көлікті өз атыңызға аударғыңыз келсе немесе басқа адамға сату үшін үшін Egov арқылы «ЭЦП» электронды кілтін қолдану міндетті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Себебі, бұл бағытта заңсыздық көбейіп кеткен. Мысалға, Астанадағы нөмірі екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрыңғы басшысы мен бірнеше қызметкері шетелдік көліктерді жаппай заңсыз тіркеп келген екен. Мемлекетке келген шығын 1,2 млрд теңге. Олардың бәрі сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу