Атырауда тасқын қаупі күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тасқын қаупі күшейді

30.04.2024
Атырауда тасқын қаупі күшейді

Атырауда Жайықтың суы тәулік сайын көтерілуде. Тасқынға қарсы жаға бекіту жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бүгінге дейін жаға биіктетіліп, 510 шақырымнан аса бөгет тұрғызылды. Толығырақ ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндасын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Атырауда жағалауды нығайту жұмыстары аяталуға жақын. Жоспарланған 523 шақырым бөгеттің 510 шақырымнан астамы салынып бітті. Оған 1400-ге жуық техника мен 15 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Жауаптылар қала іргесіндегі Еркінқала, Қайыршақты ауылдық округтеріндегі жұмысты жуырда бітіреміз деп отыр. Су деңгейі бүгін Индер гидробекетінде 25 смге көтеріліп, 7 метрге жуықтады. Ал Махамбетте 7 метр 64 см, Атырау қаласында 4 смге көтеріліп, 446 смге жетті. Қауіпті межеге 1 жарым метрдей қалды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

 Құрманғазы ауданында Қиғаш пен Шарон өзендерінде де судың көтерілуі байқалады. Қиғаштағы деңгей 3 жарым метрге жуықтаған. Ал Шаронда 2 метр 9 смді құрады. Мұндағы жағдай Волгоградтағы қоймадан келетін судың көлеміне байланысты өзгеріп отыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу