Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында ғарыш саласына қажетті мамандар дайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында ғарыш саласына қажетті мамандар дайындалады

25.04.2024

Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары бірлескен ғылыми, ғарыштық зерттеулердің жаңа бағдарламаларын іске қосуға ниетті. Сондай-ақ жасанды интеллект бойынша да ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бүгінде Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының жеті филиалы ашылған. Кей филиалардар ұлттық ғарыш орталығы мен «Бәйтерек» зымыран кешені және «KazSat» жерсерігі сияқты жобаларға мамандар дайындайды. Тараптар саланың алдағы міндеттерін ескере отырып, филиал бағдарламаларын жаңарту туралы шешім қабылдады. Студенттердің алғашқы тобы оқуларын қыркүйек айында бастайды. Түлектерге екі диплом беріледі.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетінің негізінде ашылады, магистратура бағдарламалары қосылатын болады. Біздің аэроғарыш өнеркәсіп министрлігімен де кадр даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және арнайы инженерлік бағдарламаларды қарастыратын боламыз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу