Австралияда теңіз жағасына 100-ден астам кит шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда теңіз жағасына 100-ден астам кит шығып қалды

25.04.2024

Австралияның Батыс Австралия штатының жағалауына 100-ден астам пилот-кит шығып қалды. Қазір жағалау қызметкерлері оларды суға қайтаруға әрекеттеніп жатыр. Дегенмен, жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, теңіз жануарларының 26-сы құтқарушылар жеткенше өліп қалған. Ғалымдардың айтуынша, ұшқыш-киттер бір-бірімен тығыз байланыста болатын жануарлар қатарынан. Сондықтан олардың біреуі су жағасына кететін болса, қалғандары да соның соңынан еріп, қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу