Бүгінде су тасқыны болған аймақтардағы 31 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерде 8 566 адам қалып отыр. Оның 3700-ден астамы балалар. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылған. 4 мың техника, 700-ден астам су соратын, құрылғы, 300-ге жуық жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: 31 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/192848/)