Биыл Астанада жаңадан 3 медициналық нысанның құрылыс аяқталады. Екі амбулаторлық кешен және патологоанатомиялық бюро пайдалануға берілмек. Одан бөлек, келесі жылдарға 10 медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 3-уі республикалық бюджет қаражатына салынбақ. Олардың арасында 2 перинаталды орталықтар бар.
Сондай-ақ жеке инвестиция тарту арқылы 36 млрд теңгеге 5 емхана құрылысы жоспарланып отыр. Ал апатты жағдайда тұрған №3 көпбейінді қалалық аурухана яғни, бұрынғы теміржол ауруханасы орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл Астанада жаңадан 3 медициналық нысанның құрылыс аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/179739/)