Қазақстан спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Бұл туралы бүгін елордадағы «Барыс Арена» кешенінде, «Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысында айтылды.
Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:
Сайлау – қашан да реформа. Біз оны спортта да күтеміз. Қазақстанның спорт қоғамдастығының біздің отанымызда спортты дамыту үшін реформаларға қатысуға дайын екенін бірнеше рет дәлелдеді.
Сондай-ақ «Қазақстан TEAM» республикалық жастар ұйымы да, Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы бірлестіктің жиналысында айтылды. Шараға жастар, қоғам белсенділері, спортшылар мен кәсіпкерлер қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/164796/)