Әдетте елдегі байқауларды естімедік, білсек қатысатын едік деп жатасыздар. Міне, мүмкіндік! 5 млн теңге ұтып алғыңыз келсе, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтініш беріңіз. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. 7 номинация бойынша өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрларымен қатар, комикс авторлары да бақ сынай алады. Жас ерекшелігіне ешқандай шектеу қойылмаған. Өтінішті 1 қазанға дейін беруге болады.
Қуат Бораш, Мәдениет және спорт министрлігінің комитет төрағасы:
Негізгі талап жаңа дүние болуы керек. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Ал тақырыптық мазмұны жағына келсек, біздің негізгі мақсатымыз – ол біздің Қазақстандық отаншылдықты, жалпы елге деген сүйіспеншілік, әлемдегі келіп жатқан үлкен жаңашыл өзгерістердің барлығын сол оқиғалар арқылы, өзінің шығармалары арқылы жеткізу.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Айбоз» әдеби сыйлығы: Ұлттық байқау жүлдесі 5 млн теңге&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/162632/)