Елордалық жастар Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады. Өнерпаздар арнайы безендірілген автобуспен қаланы аралап, ардагерлер мен қала тұрғындарына сый көрсетті. Әскери-патриоттық әндер орындап, ардагерлердің жүрекжарды тілегін тыңдады.
Ақұлан Тастемір, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:
Бұл дәстүрлі шара. Биыл 4-ші жыл өткізіліп жатыр. Алғашында ардагерлерге қалай ерекше құттықтасақ деген ойдан туындаған болатын. Ол кісілерге ерекше шаралар көп. Соның бірі жеке өзіне қойылым концерт жасап жатырмыз.
Мақпал Ауғанбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада мереке қарсаңында «Айбынды ардагерлер» атты акция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/157144/)