![Қазақстандық спортшылардың 17 ақпан күнгі нәтижесі](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/17/1645094324425.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық спортшылардың 17 ақпан күнгі нәтижесі
Конькимен жүгіру:
Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта өнер көрсеткен Надежда Морозова мен Екатерина Айдова Олимпиада жүлдесіне іліге алмады. 6-жұпта канадалық Мэдиссон Пирманмен бір топта жүгірген Надежда 01:15:69 нәтижесімен біраз уақыт 3-орында тұрғанымен, жарыс қорытындысында 11-орын алды. Олимпиада рекордын жаңартқан жапониялық Михо Такагиден 23 жастағы спортшымыз +2.55 секундқа қалып қойды.
10-жұпта өнер көрсеткен Екатерина Айдова Ресей Олимпиадалық комитетінің өкілі Ольга Фаткулинамен бір топта сынға түсті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 01:16:70 көрсеткішімен 19-орынға табан тіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық спортшылардың 17 ақпан күнгі нәтижесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/153203/)