Биыл мемлекеттік кіріс небәрі 2,5%-ке өсіп, 7 трлн теңгеден асты. Былтыр қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік кіріс бірден 14%-ке көбейген еді. Кірістің шамамен үштен екісі салықтан түстен ақша. Қаржы министрлігінің мәліметінше, қазынаға 5 трлн теңгеге жуық салық түсті. Оның ішінде 400 млрд теңге әлеуметтік салық, 1,7 трлн теңге табыс салығы. Акцизден түстен кіріс 209 млрд теңгеден асады. Жалпы кіріске қатысты жоспар 4 млрд теңгеге орындалған. Ал 3 млрд теңге салық есебіне түспей қалды. Бұл импорттан жиналатын қосымша құн салығы, шикізаттан түсетін төлем еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл мемлекеттік кіріс небәрі 2,5%-ке өсіп, 7 трлн теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/144506/)