Нұрдәулет Жұмағали – Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері
Паралимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық пара жүзуші 100 метрге брасс әдісімен жүзуі бойынша бақ сынады. Уақыт көрсеткіші 1 минут 06 секунд. Отандасымыз алғашқы 50 метрде бірінші болғанымен, шешуші сәтте жеке бейтарап пара спортшыдан 13 мили секундқа қалып қойды. Айта кетейік, бұған дейін Нұрдәулет Әлем біріншілігінде 2 рет күміс жүлдеге ие болған. Сингапурде өтіп жатқан жаһан біріншілігіне 75 келдің 600-ге жуық спортшысы қатысып жатыр. Ел намысын Ұлттық құраманың 7 өкілі қорғайды. Пара атлеттер жекелей сыннан бөлек командалық эстафетада жүлдеге таласады. Дода 27 қыркүйекке дейін болады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Арқалықта 82 адам астан уланған
22.10.2025, 17:07

Трамп пен Путин жуықта кездеспейді
22.10.2025, 17:05
Ташкентте қазақ – өзбек бизнес-форумы өтті
22.10.2025, 17:02
Әлеуметтік салаға 3 жылда ₸10 трлн 700 млрд жұмсалады
22.10.2025, 17:00
Әлемде жасыл энергия үлесі артты
22.10.2025, 13:20
Астанада Ш.Қалдаяқов әндері негізінде түсірілген фильм көрсетілді
22.10.2025, 13:20
Қаракөл тұқымын әлемге танытқан Б.Мейіровті созақтықтар ұмытпайды
22.10.2025, 13:18
Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
22.10.2025, 13:15