Шымкентте 1,5 млрд теңге бюджет қаржысы игерілмеген
Шымкент қаласының әкімдігі бюджеттен бөлінген 1,5 миллиард теңгені игермеген. Сондықтан 31 лауазым иесі жазаланды. Екеуі қызметтен қуылды. Қаржы игере алмағандардың тобын Полиция департаменті мен аудан әкімдігі аппараттары бастап тұр. Тәртіп сақшылары 545 миллион теңгені жарата алмай қазынаға қайтарып берсе, жергілікті билік құрылымдары 431 миллион теңгенің жұмысын үйлестіре алмаған. Сондай-ақ білім, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту басқармалары да қолдағы бар ақшаны іске жаратпаған. Оған мердігерлердің тауарларды мерзімінде жеткізіп бере алмауы, атқарылған жұмыс актілерін дер кезінде ұсынбау және сот процесстерінің аяқталмауы себеп болған көрінеді.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемде жасыл энергия үлесі артты
22.10.2025, 13:20

Астанада Ш.Қалдаяқов әндері негізінде түсірілген фильм көрсетілді
22.10.2025, 13:20
Қаракөл тұқымын әлемге танытқан Б.Мейіровті созақтықтар ұмытпайды
22.10.2025, 13:18
Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
22.10.2025, 13:15
Өскеменді басқан зиянды түтін сейілмей тұр
22.10.2025, 13:13
ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуда Қазақстанға сенім артады
22.10.2025, 13:11
Алтын арзандады
22.10.2025, 13:09
Лувр музейінен ұрланған бұйымдардың құны €88 млн
22.10.2025, 13:06