Қысқы универсиадада Қазақстан намысын 103 спортшы қорғайды
Бүгін «Qazsport» телеарнасы 23:30-да 32-дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін көрсетеді.
Спорттық жарыстар Италияның Турин қаласында 23-і қаңтарға дейін өтеді. Ұлттық құрамадан 103 спортшы бақ сынайды. Осымен 32-рет ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға атлеттеріміз 10 спорт түрі бойынша қатысады. 96 медаль сарапқа салынады. Айта кетейік, кеше хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады. Бірінші матчта спортшыларымыз Швеция командасын 9:2 есебімен жеңді. Келесі ойында ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.
Абылайхан Сүлейменов, шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының мүшесі:
Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, 1-орын алуға тырысамыз.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемде жасыл энергия үлесі артты
22.10.2025, 13:20

Астанада Ш.Қалдаяқов әндері негізінде түсірілген фильм көрсетілді
22.10.2025, 13:20
Қаракөл тұқымын әлемге танытқан Б.Мейіровті созақтықтар ұмытпайды
22.10.2025, 13:18
Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
22.10.2025, 13:15
Өскеменді басқан зиянды түтін сейілмей тұр
22.10.2025, 13:13
ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуда Қазақстанға сенім артады
22.10.2025, 13:11
Алтын арзандады
22.10.2025, 13:09
Лувр музейінен ұрланған бұйымдардың құны €88 млн
22.10.2025, 13:06