АҚШ-тың Луизиана штатында жауыннан тасқын басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Луизиана штатында жауыннан тасқын басталды

17.05.2024

АҚШ-тың Луизиана штатында нөсер жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің хабарлауынша, мұнда соңғы екі аптада жауған жауынның мөлшері 600 пайыздан асып кеткен. Осыған байланысты көптеген қалада топан судан сақтану туралы ескерту жасалып жатыр. Ал Техас штатында алапат дауылдан 4 адам қаза тауып, 800 мыңдай үй жарықсыз қалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу