Маңғыстаудағы «МАЭК» мекемесінде 1,4 млрд теңгенің заң бұзушылық дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы «МАЭК» мекемесінде 1,4 млрд теңгенің заң бұзушылық дерегі анықталды

17.05.2024

Маңғыстаудағы «МАЭК» мекемесінде 1,4 млрд теңгенің заң бұзушылық дерегі анықталды. Облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуын талдау барысында, заңсыз толтырылған техникалық акт мен келісім шарттарды байқаған. Кәсіпорын «RTEX» серіктестігімен бір көзден алу тәсілімен, мемлекеттік сатып алу туралы шартты негізсіз жасаған. Осылайша қосымша құрал-жабдықтар алмақ болған. Заңсыз әрекеттердің жолы кесіліп, энергокомбинат басшысының орынбасары жұмыстан босатылды. Тағы екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мерген Меңдіғалиев, Маңғыстау облыстық прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:

Бұл технологиялық бұзушылықтар туралы техникалық акт және келісім шарттар 1,4 млрд теңгеге сот шешімімен жарамсыз деп танылды. Нақты айтқанда, біздің араласуымызбен мемлекеттік бюджеттің осы сомасының тиімсіз жұмсалуының алды алынды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу