«Balapan» телеарнасы келер жылы кішкентай көрермендеріне қандай қызықты дүниелерді ұсынады? 2023 жылға арналған жобалар бойынша аутсорсинг компания өкілдерімен ашық отырыста осы мәселе талқыланды.
Байқауға 20-дан астам компаниядан 72 жоба келіп түсті. Олардың арасында оқу-танымдық, ойын-сауықтық анимациялық сериалдар, бағдарламалар, шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып және комедия жанрына құрылған хикаялар бар.
Айта кетейік, «Balapan» телеарнасы биыл 174 сериядан тұратын 17 анимациялық жоба, 31 сериядан тұратын 2 телехикая, балаларға арналған 17 бағдарлама түсіріп көрерменге ұсынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Balapan» арнасының келер жылға жоспары айқындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/169092/)