Израиль 100 мың тұрғынға көшу туралы бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль 100 мың тұрғынға көшу туралы бұйрық берді

06.05.2024

Израиль армиясы Газа секторындағы Рафах қаласынан 100 мың палестиналықтың көшуіне бұйрық берді. Себебі Израиль 1,4 миллион адам жасырынған Рафахтың бір бөлігін эвакуациялап, онда Хамасқа қарсы операция жүргізуді жоспарлап отыр.

Таяу Шығыста жаңа соғыс қазанның 7-де басталды. Сол күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200-дей адамды өлтіріп, 252 тұрғынды кепілдікке алды. Іле-шала Израиль Хамасты жоямын деп, Газа секторын шабуылдауға кірісті. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, содан бері бұл анклавта 34600-ден астам палестиналық мерт болған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу