![Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38022.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін елімізде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еліміздің солтүстік аймақтарында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, тұман түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ал Қазақстанның батысы мен Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болуы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз құмды дауыл болады деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/87695/)