Австралияның Джелонг қаласында мыңдаған балапан тиелген жүк машинасы аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Джелонг қаласында мыңдаған балапан тиелген жүк машинасы аударылды

15.01.2018

Австралияның Джелонг қаласында мыңдаған балапан тиелген жүк машинасы аударылып, күшті соққыдан тауықтар шоссе бойына шашылып қалған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, көлік жүргізушінің қолы жарақаттанып, ауруханаға түскен. Апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Полицияның мәліметінше, балапандардың кебіреулері өліп, қалғандары жараланған. Жолдағы жантүршігерлік көріністі көрген адамдар тоқтап, балапандарды жинауға көмектесті. Алайда, жергілікті билік құстардың зардап шеккендеріне дер кезінде жәрдем беріп үлгермей жатты.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу