Маңғыстауда итбалықтар жаппай қырылып жатыр. Теңіз жағасынан 243 өлексе табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ветеринар, экологтар мен төтенше жағдай және «Қазгидромет» мекемесінің қызметкерлерінен жасақталған комиссия мән-жайды анықтауға кірісті. Мамандар судан, ауадан және теңіз жануарларының денесінен сынама алып, зерттеу жүргізуде. Қырылған итбалықтар аудандағы полигонда өртелмек.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда итбалықтар жаппай қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/54826/)