![Биыл Ақтөбеде 5 мың бүлдіршін балабақшаға барады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72743.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбеде балабақшаларға жолдама беру басталды. Жолдама, ең алдымен, жасы мектеп алды дайындық тобына жеткен бүлдіршіндер мен әскери қызметкерлердің балаларына беріледі.
Сондай-ақ, жеңілдік санатындағы, яғни, көпбалалы отбасылардың балалары және бірінші, екінші топтағы мүгедек бүлдіршіндер қамтылады.
Балабақшаларда орын жеткілікті. Бүгінгі күні қала бойынша 44 балабақша мен 2 бөбекжай, 44 шағын орталық бар.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл Ақтөбеде 5 мың бүлдіршін балабақшаға барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/40983/)