Қызылордада 150-ге жуық дәрігер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 150-ге жуық дәрігер жетіспейді

04.05.2024

Қызылордада дәрігер тапшы. Сондықтан, жас мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Былтыр облыстағы 23 елдімекенде жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Соның 19-ы ел игілігіне берілді. Аймаққа барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, бірақатар аудандағы емдеу мекемелерінде болып, халықпен кездесті. Биыл ауыл аймақта 11 амбулаторияның құрылысы басталмақ. Сондай ақ, Жаңақорған ауданында аутизмге шалдыққан балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылАды.

Тәңірберген Әмитов, Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Бұған дейін оңалтуды қажет ететін балалар. Астана, Алматыға барған. Енді болашақта екі ауданның балалары осы жақта емделетін болады. Мұнда 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ем алады. Ол екінші және үшінші реабилитациялық кезеңді қамтиды.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қызылорда облысы бойынша бүгінгі күні 150 жуық дәрігер жетіспейді. Сондықтан, осы медициналық университеттердің ректорларымен бірлесе отырып жастарымыздың осы өңірге келу мәселесіне тездетіп осы кадр тапшылығын жабуға жақсы шешімдер қабылдауға келіп отыр. ))


Хабарламаларға жазылу