Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер Алматыда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер Алматыда өтеді

04.05.2024

Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер, Алматыда өтеді. Қазақстан тарапының ұсынысын қабыл алған екі елдің сыртқы істер министрлері, бейбіт келісім жүргізуге бекініп отыр. Ал Мемлекет басшысы, бұл кездесу Оңтүстік Кавказда/ бейбітшіліктің орнауына ықпал ететінін айтты.

Әзербайжан геосаяси зерттеу орталығының жетекшісі, саяси сарапшы Таир Джафарли, Караван Медиа порталына берген сұхбатында «Қазір Қазақстан Президенті тек, Әзербайжан мен Армения арасындағы татулық пен бітімгерлікті қолға алған жоқ. Оның басты мақсаты – әлем елдері арасындағы берік достықты сақтап қалу. Мысалы, Қазақстанның сыртқы саяси өміріндегі соңғы маңызды оқиғаларды талдап көрсек. Франция Президентінің Қазақстанға сапары, Тоқаевтың Италияға баруы, Ресей Президентімен кездесуі, Иранмен ашық келіссөздер, Әзербайжан мен Арменияға сапары. Міне, мұның бәрі- оның белсенді бітімгершілік қызметінің көрсеткіші», - деп атап өткен.


Хабарламаларға жазылу