Ресейдің Томск облысында 5,5 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Томск облысында 5,5 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр

03.05.2024

Ресейдің Томск облысында 5,5 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Қазақстандық студенттердің саны бойынша Ресей аймақтарының ішінде бұл өңір Мәскеуден кейін екінші орында тұр. Алдағы мақсат – өнеркәсіп саласына қажетті білікті кадрларды даярлау.

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп саласында сұранысқа ие мамандарды бірігіп даярлайды. Екі тарап екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ. Яғни бірлескен білім беру бағдарламасы арқылы студенттер қос диплом ала алады.

Артем Рыкун, Оқу орнының проректоры:

«Қазақстандық студенттер үнемі жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Тіпті жиырмасыншы ғасырдың басынан осы күнге дейін оқу орнымызды бітірген танымал түлектер бар.»

Президенттің Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмасы бар. Алдағы уақытта Қазақстандағы кәсіпорындарға қайта оралатын жоғары білікті мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Томск және қазақстандық университеттер арасында 30-дан астам ынтымақтастық туралы келісім бар.

Әлижан Балжанов, Студент:

«Мен магистратураны бітіргеннен кейін Қазақстанның бір кәсіпорнына жұмысқа орналасқым келеді. Неліктен геолог мамандығын таңдадым? Себебі Қазақстанда көптеген кен орындары ашылмаған және Қазақстанда өте көп гранттар бөлініп жатыр кен орындарын ашуға, сол себептен өз үлесімді қосқым келеді.»

Мамандар өнеркәсіптік кооперацияның әлеуеті жоғары екенін айтады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу