Ресейде орман өрті дес бермей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде орман өрті дес бермей тұр

03.05.2024

Ресейдің 10-нан астам өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Әсіресе Иркутск, Хабаровск, Красноярск облысы мен Бурятия республикасында жағдай қиын. Мәселен Хабаровск өлкесінде 50 мың гектарға жуық жер өртеніп, төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бурятияда да соңғы үш күнде тілсіз жаумен күрес жүргізілуде, 94 мың гектар жер өртенді. Ресейде бір күнде 68 орман өрті тіркелген, оны ауыздықтауға 2000-нан астам адам, 480 техника жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, 45 өңірде алдағы күндері орман өрті өршуі мүмкін.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу