Павлодар облысында жаңа үйлердің сапасына басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жаңа үйлердің сапасына басымдық беріледі

03.05.2024

Құрылысқа жауапты мердігер компаниялар жұмысты жылдам әрі сапалы атқаруға мүдделі. Павлодар облысының Жалаулы ауылында салынып жатқан үйлердің тапсырылатын күнін бүкіл ауыл тағатсыздана күтіп жүр. Себебі , соңғы 40 жылда шалғайдағы елдімекенде салынып жатқан бұл алғашқы баспаналар. Жаңа үйлер алдағы үш айда дайын болады. Су кірген, бірақ жөндеуге жарамды басқа тоғыз үйдің иелеріне 48 млн теңге көлемінде өтемақы берілді.

Қарлығаш Дайырбекова, Жалаулы ауылының тұрғыны:

Үйдің алды бой көтеріп жатыр. Өте қуаныштымыз. Үйсіз, үкіметтің қарауынсыз қалмағанымызға өте қуаныштымыз.

Әтихан Жақсылық, Құрылысшы:

Мына үйдің иелері келіп, балаларымен келіп қарап тұрғанда шыдай алмаймыз. Демалыс күндерде де үзіліссіз жұмыс істеп отырмыз. Ол кісілер кірсін деп. Біреудің үйінде тұрып отыр ғой ол кісілер. Осы үйдің иелерінің үйге кіргенін қалап, кіргеніне қуанышты боламыз деген ойдамыз. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу