Бразилияда су тасқынынан 30-дан астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда су тасқынынан 30-дан астам адам қаза тапты

03.05.2024

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының дамбасы құлап, 30-дан астам адам қаза тапты. Сонымен қатар 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен. Бұған қоса, жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз қалды. Штаттың Азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, топан судан қазір аймақтағы 134 қала зардап шегіп отыр. Синоптиктер, алдағы уақытта жауынның жалғасатынын ескертті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу