Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды

25.04.2024

Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды. «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ұшқыш 23 сәуірде бортқа жолаушы ретінде мінген деп жазылған. Қазір полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ал қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Айта кетейік, компания тарапы экипаждардың қанында алкоголь мен есірткі бар-жоғын ұшу алдында үнемі тексеріледі деп отыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу