Атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнын аса отбасы кедейлік шегінен құтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ай сайынғы жәрдемақыдан бөлек, олар жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көбі - Түркістан облысында. 25 мыңнан аса отбасы. Одан кейін Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы тұр. Тиісті жәрдемақы - табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға беріледі.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АӘК алған отбасылар кедейліктен құтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/181095/)