Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Армения тарапының ұсынысымен болған отырыс бейне-байланыс режимінде өтті. Мемлекет басшылары Әзербайжан-Армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады. Қазақ Президенті өз сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент ҰҚШҰ кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/163613/)