Бұл «Smart сот» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Осының негізінде уақытты үнемдеп, шығынды азайту көзделген. Биыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 4000-ға жуық іс қаралса, соның 1000-ға жуығы аудан әкімдіктеріне қатысты болған. Ал, олар сотқа қатысу үшін, іссапарға қыруар қаржы шығындайды.
«Smart сот» - пилоттық жоба. Оның нәтижелі болатынына мамандар сенімді.
Бақытбек Елшібеков, облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы:
- Мемлекеттік орган өкілдері де алыстағы ауданнан облыс орталығына келмей, интернет желісі арқылы арнайы қосымшаны енгізіп, кабинетінде отырып-ақ, сот процесіне қатыса алады.
Ақерке БЕРІКБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шалғай елді мекеннен сот процестеріне онлайн қатысуға болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/77142/)