Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды

17.05.2024

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны басталды. Диқандар 170 мың гектар алқапқа тұқым сіңірді. Ылғал жабу жұмысы жоспарға сай аяқталды. 400 мың гектар егістік жер минералды тыңайтқыштармен өңделді. Биыл 4,5 млн гектар алқапқа дәнді және майлы дақыл, жем-шөп пен көкөніс егіледі. Бұл мақсатқа 57 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Шаруалар литрі 250 теңгеден жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді.

Мейрам Меңдібаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Шаруашылықтарға сондай бір қиыншылық ештеңе болып жатқан жоқ. Бәрі уақытында егістік жұмыс жасалып жатыр. Поледе егер су болады ғой жылда, су тұрып қалса, оның орнына паровой клиннан қосады, ал ананы парға қалдырады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу