Семейде жоғалған қыз баланың денесі судан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жоғалған қыз баланың денесі судан табылды

17.05.2024

Семей қаласында із-түссіз жоғалған 16 жастағы баланы іздеуге Полиция горнизоны жұмылдырылды. Полицейлерге Ұлттық ұлан сарбаздары, құтқарушылар мен еріктілер қолқабыс етіп жатыр. Семей қаласының тұрғыны 16 және 18 жастағы балаларының жоғалғаны туралы хабарлаған еді. Іздестіру тобы 15 мамыр күні судан 18 жастағы қыз баланың денесін тапты. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Ал, 16 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу