Оқулықтар түгел цифрлық форматқа көшірілді – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқулықтар түгел цифрлық форматқа көшірілді – министрлік

14.05.2024

Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа форматтағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешен тізіміне енгізілді. Бұл оқыту процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге сеп болады және педагогтердің жұмысын жеңілдетеді. Балалардың онлайн ресурстарды қолдану аясын кеңейтеді. Алдағы уақытта робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1 345 заманауи кабинет ашылады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу