«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті

28.04.2024

Бүгін ел аумағындағы 15 өңірде 10 мыңға жуық споршы, «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафонына қатысты. Шара Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына арнайы ұйымдастырылған. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болды. Сондай-ақ, Астана қаласының триатлон федерациясы мен Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері де атсалысты.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Таңғы сағат 6. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны басталғалы жатыр.

«Бірлік жүгірісі» – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидасын негізге алған. Сондай-ақ, бұл шара отбасылық мереке айналғандай.

Азамат Бейбітұлы тілші:

«Бірлік жүгірісі» бір мезгілде еліміздің 15 өңірінде басталып, салауатты өмір салтын қолдайтын 10 мыңға жуық спортшыны жинады.

Марафон ұйымдастырылып жатқанда қатысушылар саны 10 мыңға жуық болатын. Бірақ, марафон басталған кездегі есеп бойынша қатысушылардың саны 15 мыңға жуықтаған екен. Бұл үлкен жетістік!

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Мұның бәрі мерекеміздің қарсаңында халқымыздың бірлігін нығайтуға, ынтымағымызды көрсетуге, салауатты өмірді қалыптастыруға өзіміздің үлесіміз деп санаймыз.

Бүгінгі марафоншышар 21 шақырым, 10 шақырым және 5 шақырым қашықтықта бақ сынады.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет жас спортшылар бір шақырым қашықтыққа жарысты.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

«Бірлік жүгірісі» жарысы еліміздің барлық өңірлерін қамти отырып, жыл сайын өткізіледі. Сіз де қатысып, спортты серік етіңіз!

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу