Ел қазынасына мұнай экспортынан түсетін түсімдер айтарлықтай өсті. Қаржы министрлігінің хабарлауынша қара алтын экспортынан түсетін кедендік табыс сегіз айда 1 триллион теңгеден асып кеткен. Былтыр әлдеқайда төмен еді. 600 миллиард болатын. Яғни түсімдер екі еседей өскен. Ал мұнайдың өзі қазір арзандай бастасы. Бренттің баррелі 86 доллардан сатылып жатыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел қазынасына мұнай экспортынан түсетін түсімдер айтарлықтай өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/164581/)