Балалар кітапханасындағы «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби кеш ұлы ақынның 175 жылдық меретойына арналып өткізілді. Шараның мақсаты - бүлдіршіндерді Абай ілімімен таныстыру.
Аталған кешке елорданың бірнеше балабақшасы атсалысты. Балалар мен ата-аналар қара сөздер мен өлеңдерді жатқа оқып, сахналандырылған көріністер қойды. Сондай-ақ, 50 шақты баланың қиялынан туған Абай шығармашылығына арналған көркемсурет көрмесі ұйымдастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық бүлдіршіндер Абай өлеңдерін жатқа оқыды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/118115/)